20 Наурыз 2023 2023, 09:10
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде көш бастады
Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Айта кетерлігі, жарысқа 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.