Қазақстандық дзюдошы өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 сәуір күні 24 жастағы дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады. 

"Еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан талантты спортшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл біздің спортымыз үшін орны толмас қайғы. Мұндай қиын сәтті біз сіздермен біргеміз", - делінген ҰОК хабарламасында. 
 
Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогінің күміс жүлдегері (Ақтау, 2018) болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы