15 Қараша 2026, 19:18
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Хорватиядағы Гран-приде қола жүлде үшін белдеседі
Ерасыл Қажыбаев жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігіне ие болды.
Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Гран-при сериясы турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық Ерасыл Қажыбаев финалдық кезеңге жолдама алды.
Ширек финалда отандасымыз Әзербайжан өкілі Ушанги Кокауримен кездесіп, жеңіліп қалды. Алайда жұбаныш белдесуінде хорватиялық дзюдошы Никита Свиридті сенімді түрде жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Үшінші орын үшін өтетін белдесуде Ерасыл Қажыбаев Грузия өкілі Саба Инанеишвилимен кездеседі.