4 Қазан 2026, 21:50 Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Ахмед Юсифовпен белдесті.

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Ахмед Юсифовпен белдесті. Тартысты кездесуде әзербайжандық спортшы жеңіске жетті.

Шерзод Давлатов финалға дейін әлем чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяманы (Жапония), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикарды (Франция) және Панамерика ойындарының чемпионы Микел Аугустоны (Бразилия) жеңді.

Баку қаласындағы әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы жарысқа 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.