Бүгiн 2026, 07:48 Фото: Абай облысы әкімдігі

Қазақстандық бүркітші Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысты.

Моңғолияның астанасы Ұланбатырда 6-8 наурыз күндері құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады, оның ішінде Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені иеленді.

Жарыс қорытындысы:

  • 1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
  • 2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
  • 3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)

Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында өткен болатын.