24 Қазан 2024 2024, 12:16 Фото: - архив

Қазақстандық боксшылар World Boxing өткізетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді

26 қазанда 19 жастағы спортшылар арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталады. Ол Пуэбло қаласында өтпек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 қазанда АҚШ тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

World Boxing 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. Қыркүйекте Қазақстан World boxing-ке кіруге өтінім берді. Әлем чемпионатына 30 елден барлығы 180 спортшы қатысады.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ-тағы әлем біріншілігіне Қазақстан намысын төрт боксшымыз қорғайды.

Ерасыл Аманғалиев 55 кг

Асылхан Көшербай 65 кг

Диас Серікұлы 70 кг

Даниял Райымбеков 85 кг.