Қазақстандық боксшылар қарсыластарын басып озды

Қазақстандық боксшылар Садриддин Ахмедов пен Батыр Жүкембаев Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-11-1, 18 КО) жұдырықтасып, оны бірінші раундта төрт рет нокдаунға түсірді. Мхлонго екінші раундқа өтпеу туралы шешім қабылдады.

Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) та Оңтүстік Африка өкілі Ксолани Мкохелиді (19-8, 12 КО) жеңді. Төреші оңтүстік африкалық боксшыға нокдаунды үш рет – төртінші және бесінші (екі рет) раундта санады, ал алтыншыда Жүкембаевтың нокаутпен жеңісін тіркеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы