Қазақстандық боксшы WBA чемпионы атанды

Алматыда өткен турнирде қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев чемпиондық жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Asia белбеуінің иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жекпе-жек Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуі болған. Бастапқыда қазақстандық боксшы Таиланд өкілі Киттисак Клинсонмен чемпиондық атақ үшін күш сынасуы керек еді. Алайда қарсылас жарақат алып, оның орнына жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Тигран Согоян шықты.

Жартылай орта салмақтағы (66,7 келі) жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және барлық белгіленген қашықтыққа созылды.

Жекпе-жектің алғашқы раундтары тең жағдайда өтті. Екі боксшы бір-біріне ауыр соққылар алмасқан. Төртінші раундтың соңына қарай жылдамдықтар айтарлықтай төмендеп, қазақстандық боксшы рингтегі жағдайды өз бақылауына алған. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, Мәдиев жартылай орта салмақта WBA Азия чемпионы атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Boxingscene.com
Өзгелердің жаңалығы