Қазақстандық бессайысшылар Түркияда топ жарды

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, біздің спортшылар аралас эстафетада бірінші орын иеленген.

Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Қазақстандық бессайысшылар 1327 ұпай жинады.

Екінші орында Египет, үшінші орында Италия құрамасы орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы