Қазақстандық бес компания Гонконгтың беделді көрмесіне қатысады
Гонконг сауданы дамыту жөніндегі кеңесі ұйымдастырған HKTDC Food Expo 2022 жыл сайынғы халықаралық азық-түлік көрмесі 2022 жылдың 11 тамызында басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы бұл көрмеде халықаралық сапа стандарттары мен заманауи «эко-трендтерге» жауап беретін жоғары сапалы табиғи азық-түлік өнімдерін өндіретін 5 ірі кәсіпорынды таныстырады. Almaty Product, Аraltuz.kz, Delice, Sultan маркетинг, Meat Processing and Service өнімдері екі павильонда ұсынылады.
Азық-түліктің қауіпсіздігі мен пайдасы, дұрыс тамақтану мәселелері бүгінде өзекті. Қазір нағыз органикалық өнімді табу қиын. Сондықтан әлемдік көрме алаңдары эко-өндірушілерді шақырады. Food Expo халықаралық көрмесіне қатысатын қазақстандық компаниялар – ішкі нарықтың жетекші кәсіпорындары және шетелде бәсекеге қабілетті. Ал Гонконг нарығы өнімді Азия және әлемдік нарықтарға ілгерілету тұрғысынан өте ыңғайлы. Гонконг әлемдегі ең ірі порт және қаржы орталығы. Біздің компаниялардың осы көрмеге қатысуы олардың жоғары деңгейін көрсетеді, – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева.
Almaty Product компаниясы – қазақстандық кондитерлік өнімдер нарығының 2002 жылдан бергі лидері. Зауыттар заманауи жабдықпен қамтылған; халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін технологиялар енгізілген. Компания көрмеде брикеттелген және консервіленген халва, қатпарланған нан өнімдері мен пряниктер, карамель, таңғы асқа арналған құрғақ тағамдар, вафли роллдарын ұсынады.
Аралтұз компаниясы көрмеге OZERO сауда маркасымен шығады. Ozero бренді – Арал көлінің түбінен өндірілетін табиғи тұз. Бұл – ЭКО, БИО және ХАЛАЛ сертификаттарын алған, қоспалар мен зиянды заттарсыз 100% табиғи өнім.
Delice компаниясы жоғары сапалы, піскен жемістер мен көкөністерден жасалған, пастерленген және асептикалық пакеттерге немесе шыны бөтелкелерге құйылған «Delis» шырындарын өндіреді. Компания өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын Bag-in-BOX сұйық тамақ өнімдерін қаптаудың заманауи технологиясын қолданады. «Delis» сауда маркасындағы шырындар тек экологиялық таза өнімдерден өндіріледі. Көрмеде табиғи алма, алмұрт, жүзім, мультифрут, қызанақ шырындары ұсынылады.
Meat Proceasing and Service – малды бордақылау, сою, етті қайта өңдеу және сату бойынша толық циклді кәсіпорын. Компания 2008 жылы құрылып, Қытай, Парсы шығанағы және ТМД елдерінің нарығына ет өнімдерін ірі экспорттаушылардың бірі атанды. Компания сапа стандарттарын сақтауға ерекше көңіл бөледі, нарықтың қажеттіліктерін және мақсатты аудиторияның қызығушылығын ескереді.
Sultan marketing – «Sultan» сауда маркасының ресми дистрибьюторы. «Sultan» сауда белгісінің барлық өнімі сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келеді және жоғары сапа, кең ассортимент пен икемді баға саясатының арқылы танымал.
Көрмеде компанияның макарон өнімдері, жоғары сұрыпты ұн, бұршақ, сұлы ботқасы, ұнтақ жарма, ұзын дәнді және классикалық дөңгелек дәнді күріш, ұзын дәнді буланған күріш, арпа жармасы, қарақұмық жармасы және таңдаулы тары, хош иістендірілген вафли, шоколад глазуріндегі мини-вафли, қаптамадағы печенье ұсынылатын болады.
Жыл сайынғы HKTDC Food Expo көрмесіне қатысу азық-түлік және сусын жеткізушілеріне жаһандық сатып алушылармен өзара әрекеттесуге және тұтынушылар арасында танылуға мүмкіндік береді. Соңғы көрмеде 23 елден және өңірлерден 1,560-тан астам экспонент қойылып, 510,000-нан астам сатып алушы мен қоғам өкілдері жиналды.