Қазақстандық бес боксшы Thailand Open турнирінің алтынын сарапқа салады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының бес боксшысы Thailand Open халықаралық жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Пхукетте (Таиланд) бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. 

69 келіде жұдырықтасқан команда капитаны Асланбек Шымбергенов қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді. Отандасымыз таиландық Атичай Фомсапты таза нокаутпен жеңіп, жарыстың финалына шықты.  

Кешкі сессияда 63 келіде қазақстандық боксшылар финалдық жолдаманы өзара сарапқа салды. Жартылай финалдық белдесуде Руслан Мусинов Санатәлі Төлтаевтан басым түсіп, жарыстың финалисі атанды.  

Сондай-ақ 91 келіде Айбек Оралбай командаласы Сағындық Тоғамбайды жеңіп, ақтық финалға шыққан болатын.  

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Серік Теміржанов та қазақстандық финалистер санын арттырды. 

Ол жартылай финалда жергілікті спортшы Ружакран Джунтронгты 3:2 есебімен ұтты. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай жартылай финалда жергілікті спортшымен кездесіп, Анавата Тонгкатокты екінші раундта жарыс жолынан ығыстырған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы