Қазақстандық белгілі тележурналист өмірден өтті
Көпшілікке танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында қызмет етіп, бірнеше деректі фильм мен арнайы репортаждардың авторы болды.
Соңғы жылдары журналист түсірген «Алтайдан Анадолыға» атты Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған деректі фильмі, сондай-ақ «Русафа: Маңызды миссия» арнайы жобасы және Германияның Бухенвальд пен Цайтхайн лагерьлеріндегі әскери тұтқындар туралы репортаждары көрерменнің жоғары бағасына ие болған еді.
Азат Рыстанбектің еңбектері мен жобаларының барлығы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақталады.
BAQ.KZ ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінісі болды
Өзгелердің жаңалығы