Қазақстандық БАҚ Әзербайжандағы Шуша медиафорумына қатысып жатыр
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев III Шуша Ғаламдық медиафорумында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ AZƏRTAC агенттігіне сілтеме жасап.
Ильхам Әлиевтің айтуынша, Шуша медиафорумы қазірдің өзінде дәстүрлі сипатқа ие болған. Әзербайжан басшысы бұл дәстүр жалғасын тауып, уақыт өте келе форумға келетін қонақтар саны артып, қамтылатын елдер географиясы кеңейе түседі деген үмітін білдірді.
Мұның бәрі ашық пікірталас пен талқылауларға деген үлкен қажеттілікті көрсетеді. Бұл талқылаулар ашық алаң қиғидаты бойынша өтуі тиіс. Біз тек медиасаланың күн тәртібіндегі мәселелерді ғана емес, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі тақырыптарды да талқылауымыз қажет, – деді мемлекет басшысы.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев жасанды интеллект дәуірінде ақпараттық және медиа тұрақтылықты нығайтуға арналған «Цифрлық трансформациялар» тақырыбындағы III Шуша Ғаламдық медиафорумының қатысушыларымен кездесті.
Айта кетейік, Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатқан бұл форумға қазақстандық БАҚ өкілдері де қатысып жатыр.