Бүгiн 2026, 20:12 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық балуандар U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады

Ұлттық құрама құрлық біріншілігінде 5 алтын, 8 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстанның жастар құрамасы (U20) күрес түрлерінен Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады. Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар 2 алтын, 8 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.

Еркін күрес

Алтын медальдарды:

  • Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін),
  • Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдегерлер:

  • Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін),
  • Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін),
  • Самир Дурсунов (97 келіге дейін).

Қола медаль иегерлері:

  • Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін),
  • Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін).

Әйелдер күресі

Күміс жүлде:

  • Жаныл Бекен (65 келіге дейін),
  • Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін).

Қола жүлде:

  • Динара Дәуілқызы (53 келіге дейін),
  • Анна Стратан (57 келіге дейін),
  • Айжан Мұратбай (59 келіге дейін).

Грек-рим күресі

Күміс медальдарды:

  • Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін),
  • Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін),
  • Әлихан Тағаев (87 келіге дейін) еншіледі.

Қола жүлдеге:

  • Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін),
  • Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін),
  • Максим Украинцев (97 келіге дейін) қол жеткізді