Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі күміс медальге ие болды
Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі өтіп жатыр. Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, ресейлік балуан Александра Скиренкоға жол берді. Осылайша балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында Светлана Липатовамен (Ресей) кездесті. Белдесуде ресейлік балуан басымдық танытып, жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде салды.
Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы