Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Таиландтың Сирача қаласында 20 жасқа дейінгі грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің спортшылар келесідей нәтиже көрсетті:

  • 55 келі - Жұма Арсен (Ақтөбе облысы) - II орын;
  • 60 келі - Айтпеков Айбек (Астана қаласы) - III орын;
  • 67 келі- Ашрапов Юсуф 67 кг (Жамбыл облысы) - І орын
  • 72 келі - Аманғелді Тайыр (Костанай облысы) - ІІІ орын;
  • 77 келі - Сейткалиев Диас (Абай облысы) - ІІІ орын;
  • 82 келі - Жеңіс Ерасыл (Жетісү облысы) - І орын;
  • 87 келі - Қуанышев Бағылан (Астана қаласы) - ІІ орын;
  • 97 келі - Бержанов Рахат (Ақтөбе облысы) - ІІ орын
  • 130 келі - Узаров Джохар (Шымкент қаласы) - ІІ орын

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы 185 ұпаймен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Өзгелердің жаңалығы