13 Сәуір 2024 2024, 21:08
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық балуан қыздар Азия чемпионатында екі қола медаль иеленді
Эльмира Сыздықова Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Эльмира Сыздықова Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық балуан 76 келі салмақта жүлдегер атанды. Ол қола медаль үшін күресте үндістандық Прияны жеңді. Кездесу барысында жеңіліп жатқан Сыздықова қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетелік, Эльмира Сыздықова турнирдің жартылай финалында қырғызстандық Айпері Медетқызынан ұтылған болатын.
Бұған дейін Диана Каюмова қола медаль иеленді.