Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҰОК мәліметінше, ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.
Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы