30 Тамыз 2026, 22:20 Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Қазақстандық бадминтоншы Нигериядағы халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

26-29 тамыз аралығында өткен халықаралық турнирге 24 елден 149 спортшы қатысты.

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Badminton Classics 2026 халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды.

Ұлттық құрама көшбасшысы жарысты сәтті бастап, үндістандық Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 есебімен жеңді. Кейін Нигерия өкілі Сайду Алиуи мен БАӘ спортшысы Шашаанк Сей Муннангиден 2:0 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Панарин Үндістан өкілі Танкара Гнана Дату Таласилаға 1:2 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

26-29 тамыз аралығында өткен халықаралық турнирге 24 елден 149 спортшы қатысты.