Қазақстандық әйелдер орташа 74 жыл өмір сүреді

Жалпы бүгінде еліміздегі әйелдер саны 10 миллионнан асты. Соның 3 миллионы әлі кәмелет жасқа толмаған. Бұл жөнінде бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысындағы есебінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықтың арасында мінез-құлық қауіп факторларын және артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және В, С вирустық гепатиттері  сияқты кең таралған ауруларды, әйелдердегі обыр ауруларын анықтау мен диагностикалау скринингтері жүргізіледі - дейді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ министр әйелдердің көбіне қандай ауруға шалдығатынына талдау жасаған. Оған сәйкес әйелдер:

  • 27% тыныс алу ағзаларының аурулары,
  • 12% несеп-жыныс жүйесінің,
  • 8% қанайналым жүйесінің,
  • 6% сүйек-бұлшықет жүйесінің және ас қорыту ағзаларының ауруларымен күресуде.

 Жалпы ҚР бойынша аурушаңдық  бір жылда 4 пайызға өскен.100 мың халыққа шаққанда 50 мыңнан астам адамды құрайды).

Диспансерлік есепте 3 млн-ға жуық әйел динамикалық бақылауда, бұл есепте тұрған ересек халықтың жалпы санының 62,5%-ын құрайды (4,8 млн адам).Жыл сайын стационарларда 2 млн-ға жуық әйел емделеді, 500 мың хирургиялық араласу жүргізілді.

Жалпы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды, әйелдер ерлерге  қарағанда 7,7 жасқа ұзағырақ (66,33 жас) өмір сүреді, - деді Ажар Ғиният өз есебінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы