Қазақстандық автосалоннан сатып алған жаңа көліктің "ақауы" үшін өтемақы алды

Петропавл қаласының тұрғыны автосалоннан сатып алған жаңа көліктің ақауы анықталған соң сот арқылы моральдық және материалдық өтемқы өндіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Талап қоюшы жаңа автокөлік сатып алғаннан кейін оның алдыңғы оң жақ қанатының түсі басқа кузов бөліктерінен өзгеше екенін байқаған. Сараптама қорытындыларына сәйкес, бұл бөлік автокөлік сатып алушыға берілмей тұрып қайта боялғаны анықталған.

Сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сүйене отырып, автокөлік бөлшегін ауыстыру және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырды. Іс материалдарын және тараптардың уәждерін зерделеген сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындылары дәлелдерге негізделгенін және заң талаптарына сәйкес екенін анықтады, - деп жазылған СҚО сотының хабарламасында. 

Сот актілері заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында жүргізуші жол апатына ұшырағаны үшін 2 млн теңге өндіріп алған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы