Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында рекорд жаңартты

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Ерлер арасында 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандастарымыз толықтай жеңіс тұғырын иеленіп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 жасқа дейінгі санатта ел намысын қорғаған Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келі нәтижемен алтын медальға ие болды. Жұлқа көтеруде – 140 келіні, серпе көтеруде – 175 келіні бағындырып, бұл жаттығуда Азия рекордын жаңартты.

20 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсеткен Едіге Емберді де қарсыластарынан озып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жұлқа көтеруде – 194 келіні еңсеріп, жаңа құрлық рекордын орнатты, ал серпе көтеруде – 153 келі нәтижесін көрсетті. Қоссайыстағы жалпы көрсеткіші – 347 келі.

Осы санаттағы күміс жүлде де Қазақстанға бұйырды. Ақжол Құрманбек 343 келі (151 келі – жұлқа, 192 келі – серпе) нәтижесімен екінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасының бұл жетістігі елдегі ауыр атлетиканың дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Жас спортшыларымыздың халықаралық ареналарда жаңа рекордтар орнатуы – үлкен жетістіктердің бастауы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы