27 Қыркүйек 2026, 16:01 Фото: ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

Қазақстандық спортшы әйелдер арасында ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Финал қорытындысы бойынша Аянат Жұмағали екінші орын алып, Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады.

Бұл жүлде төрт жылда бір өтетін басты құрлықтық додада ұлттық құраманың медаль қоржынына қосылды.

XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.