16 Шілде 2026, 19:03 Фото: pixabay.com

Қазақстандық әуе компаниясы 21 шілдеден бастап Дубайға рейстерін тоқтатады

Шектеу Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайына байланысты енгізіліп отыр.

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Дубай бағытындағы рейстерге қатысты жолаушылар үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Хабарламада Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі әрі халқы ең көп қаласына орындалатын әуе рейстерінің уақытша тоқтатылатыны айтылған.

Ормуз шығанағы мен өңірдегі жағдайдың одан әрі нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы 21 шілдеден 31 тамызға дейін Дубайға ұшуды тоқтатады. Жолаушыларды алып қайту үшін 21 шілдеге дейінгі рейстер кестеге сәйкес орындалады, – делінген Air Astana компаниясының Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Әуе компаниясы жолаушыларға билетті сатып алған жері бойынша оның толық құны қайтарылатынын немесе кейінгі күндерге тегін қайта брондау ұсынылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ билетті Air Astana әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарына ауыстырып брондауға болады.

Жолаушылар хабарласа алатын байланыс нөмірлері мен электронды мекенжайлар да жарияланды:

Брондау және ақпарат орталығы тәулік бойы жұмыс істейді:

  • help.airastana.com;
  • +7 727 244 4477;
  • +7 7172 584477;
  • +7 702 702 4477.

Рейстер кешіккен жағдайда хабарласатын жедел желі:

  • +7 7272 44 44 78;
  • +7 702 702 00 74 (WhatsApp).