Қазақстандық әскерилердің формасы өзгерді
Әскерилер алғаш рет бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа форманы әзірлеуде климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктері ескерілген.
Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді. Сондай-ақ айырым белгілері енді Velcro типті жапсырма арқылы бекітіледі.
Әскерилерге арналған капюшоны бар деми-маусымдық далалық куртка, жағасы бар далалық жемпір және жазда киетін тактикалық кроссовка пайда болды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жабдықтау нормасын оңтайландыру арқылы жыл сайын 140 млн теңге үнемдеуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау Президентімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы