Қазақстандық әскерилер Пәкістандағы қару-жарақ көрмесіне қатысты
Ideas-2022 XI халықаралық қорғаныс технологиялары көрмесіне Қазақстанның әскери делегациясын Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев бастап барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пәкістанның Карачи қаласында өткен көрмеге қатысудың мақсаты шетелдік әскери-өнеркәсіптік компаниялардың ұсыныстарын зерделеу, Қазақстан Қарулы күштерінің мүддесі үшін әскери мақсаттағы өнімді сатып алудың орындылығы мен мүмкіндігін талдау болып отыр.
Қазақстандық делегация сонымен қатар қорғаныс технологияларын дамытудың заманауи үрдістері мен перспективалары қаралған семинарларға да қатысты.
Ideas халықаралық көрмесі – Азиядағы ең ірі көрмелердің бірі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл көрмеде 50-ден астам елден 500-ден астам әскери мақсаттағы өнім экспозициясы ұсынылған. Көрмеге 64 мемлекеттен 285 делегация қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің авиациялық әкімшілігі және Boeing компаниясы әріптестік туралы меморандумға қол қойды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы