Қазақстандық әртістер Венециядағы кинофестивальде арнайы жүлде алды
79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінде отандасымыз Әділхан Ержановтың «Голиаф» кинокартинасы Италияның тәуелсіз киносыншыларының арнайы марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Premio bisato d'oro 2022 «Best Actors» марапатына актерлер Берік Айтжанов пен Данияр Алшынов лайық деп танылған.
Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» көркем фильмі Лидо аралында өтіп жатқан 79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінің Orizzonti Extra конкурстық бағдарламасын енгізілген болатын.
Картинаға белгілі қазақстандық әртістер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркін Гұбашев түскен.
Orizzonti Extra бағдарламасында әлемдік кинематографияның басты үрдістері көрсетіліп, бүкіл әлемнің жаңа режиссерлерінің аттары паш етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әріптестері Айдостың айбынды жігіт болғанын айтады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы