Қазақстандық ардагерлер ең жоғары төлемдер алады

Елімізде 148 ардагер тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың барлығы 9 мамырға орай жергілікті бюджет есебінен біржолғы ақшалай төлемдер алды. Көмектің орташа мөлшері 1,7 млн теңге.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында басқа елдермен салыстырғанда Жеңіс күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлемнің ең үлкен мөлшері – орта есеппен $3,8 мың.

Мәселен, Тәжікстанда 24 ҰОС ардагері тұрады, оларға тағайындалған төлем көлемі – $2,2–2,3 мың, Өзбекстанда – $1,5 мың, Беларусьте 1,1 мың ардагердің әрқайсысына – $1,2 мың, Әзербайжан мен Қырғызстанда – $1,1 мың, Ресейде бұл мақсаттарға көзделген сома көлемі төмен. Онда 12,5 мың ардагерге $107 мөлшерінде төлем берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы