Қазақстандық әншілер Елбасына: Біз сізді қатты жақсы көреміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар қазақстандық әнші Елбасының сауығып кетуіне қатысты тілектерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жазып жатыр.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз - қуатты әрі сарқылмайтын қозғаушы күшсіз. Елбасыға және осы індетті жұқтырған барша адамға тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Дендеріңіз сау болсын. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар, - деп жазды әнші Рано Умарова.
Ал "Бірлік болсын әлемде" деп ән салып жүрген "Кентал", яғни Талғат Кенжеболатов індет адамның әлеуметтік мәртебесіне қарамайтынын айтты.
Бұл індет сенің әлеуметтік мәртебеңе, қоғамдағы орның мен танымалдылығыңа қарамайды. Біз бұл вирустың алдында теңбіз. Елбасы мен өзге адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Алла шипасын берсін, - деді ол.
Әлішер Кәрімов те Елбасыны халық жақсы көретінін айтып, ұзақ ғұмыр тіледі.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сізді қатты жақсы көреміз. Тезірек сауығып кетіңіз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын, - деді әнші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңіз кен орнында жаңа құрам жасақталып жатыр
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы