Қазақстандық альпинист Анар Бурашева ең биік 7 шыңды бағындырды
Қазақстандық танымал альпинист Анар Бурашева әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын аяқтаған алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын – олар тым көп. Бірақ дәл қазір ең маңыздысын айта аламын: "Еverest development" компаниясының қолдауынсыз бұл арман шындыққа айналмас еді.
Отбасыма және достарыма алғысым шексіз, сендер – менің тірегімсіңдер, - деп жазды альпинист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Анардың аталған тарихи жетістігі Антарктидадағы Винсон шыңына шығу арқылы мүмкін болды. Бурашева екі жыл ішінде Эверест (8818 м), Аконкагуа (6962 м), Денали (6194 м), Килиманджаро (5895 м), Эльбрус (5642 м), Винсон (4897 м) және Карстенз пирамидасы (4884 м) шыңдарын бағындырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлыбритания Гренландияға әскер жіберуді қарастырып жатыр
Өзгелердің жаңалығы