Қазақстанды "Штрафстан" деп атаған депутат елімізді сыйлауға шақырды
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елімізді "Штрафстан" деп айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елді сынап, мазақ етіп, лақап ат қоятындардың әрекетін сынаған еді. Тоқаев олардың қатарында депутаттар да бар екенін айтты.
Мәжілісте депутат Азат Перуашев Президенттің бұл ескертуін өзіне сабақ ретінде қабылдаған.
Иә, мен Президентпен толықтай келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырғанда елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Сондықтан сабақ болсын. Мен ол жерде терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай, - деп айтты ол кулуарда.
Бұған дейін Перуашев Парламентте "Штрафстанды" құрып жатырсыздар деп мәлімдеме жасаған еді.