ҚазақстанDe Havilland ұшақтарын сатып алуы мүмкін
Көлік министрлігі ғимаратында Марат Қарабаев пен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганның кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөз барысында авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар әуе қатынасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және авиациялық тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сондай-ақ, Қазақстанда шағын авиацияны дамыту үшін De Havilland ұшақтарын сатып алу перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі талқылап, келесі қадамдарды нақтылау үшін байланыста болуға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Келіссөздер сәтсіз аяқталды: Зеленский Ақ үйден ерте кетті
Өзгелердің жаңалығы