Қазақстандағы жазба мұраларды қалпына келтіру мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандығы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Реставратор, қор сақтаушы мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды меңгеру мақсатында ұйымдастырылған семинарға еліміздегі архив, кітапхана мен музей қызметкерлері қатысып, шетелдік мамандар видеобаяндама жасады.
Семинарда архивтік құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау, қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайдалану, реставрациялау мәселелері туралы шеберлік сағаттары өтті.

Айта кетейік, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы зертхана жұмысы 2018 жылы 15 қарашада ашылған. Зертхана АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Италия, Жапония, Алмания сияқты мемлекеттерде шығарылған озық технологиямен жабдықталған. Еліміздегі қағаз құжаттарға реставрация жасаудың толық циклін атқаратын орталықтың мамандары Түркия, Ресей, Иран, Армения, Корея елдерінде тәжірибе алмасып, өз біліктілікті арттырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы