Қазақстандағы жасөспірімдер өлімінің себебі неде?

Қазақстанда 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер негізінен суицид пен жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында "Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі" тақырыбында презентация жасаған Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі айтты.

Қазақстанда 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы өлімнің себебі, бірінші – суицид, екінші – жол-көлік оқиғалары. Осындай оқыс жағдайлар жасөспірімдердің еңбекке қабілеттілігінен айырылуына, сондай-ақ Қазақстандағы бүкіл халықтың өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне әсер ететін жетекші себептер болып табылады, - деді ол.

Негізінен өз-өзіне зиян келтіру мен суицидтің жоғары деңгейінің негізгі себебі – психикалық денсаулық мәселелері. Қазір жасөспірімдер депрессиямен, жағымсыз эмоциялармен көп күреседі. ЮНЕСКО өкілінің айтуынша, жастар суициді маңызды мәселелердің бірі болып тұр.

Көрсетілген презентацияға мән берсек, психикалық бұзылулардың 50%-ы 14 жастан, 75%-ы 24 жастан басталады екен. Ол көптеген жағдайлар анықталмайды және емделмейді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы