Қазақстандағы жаңа облыстардың коды белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер ресурстарын басқару комитеті жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру үшін облыстарға, қалаларға және аудандарға берілген кодтар тізбесіне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен Абай облысына 23, Ұлытау облысына 25, Жетісу облысына 24 деген код беріледі. Қонаев қаласына Қапшағайдың 055 деген коды беріледі.

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданынан бөлінген Самар ауданы 334, Тарбағатай аймағынан шыққан Ақсуат ауданы 333 кодын алады.

2022 жылғы 3 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» жарлықтарға қол қойды.

Сөйтіп, үш жаңа аймақ – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары пайда болды. Қазақстанда барлығы 17 облыс бар.

Құжат 8 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы