Қазақстандағы ұшақтардың қауіпсіздік деңгейі - 82 пайыз

Ұшу қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Дания және Польша секілді Еуропалық Одақ елдерімен бір деңгейде тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда азаматтық авиациялық саласының көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық авиакомпаниялар 11 млн жолаушыны тасымалдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда - 17 пайызға артық. Өсуі қарқыны биыл да сақталып отыр, - деді Қарабаев.

Оның мәлімдеуінше, әуе транзиті де жоғары қақынмен өсуде.

Осы жылы еліміз әуе транзиттері үшін неғұрлым тартымды бола түсуде. Мәселен, 2022 жылы қызмет көрсетілген ұшу көлемі 410 мың ұшақққа жетті, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90 пайызға артық, - деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі - 82 пайыз.

Бұл Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан Дания және Польша секілді Еуропалық Одақ елдерімен бір деңгейде тұр, - деп мәлімдеді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы