3 Наурыз 2025 2025, 19:44
Фото: - архив
Қазақстандағы халық саны 20,3 миллионнан асты
Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы жаңартылған мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы жаңартылған мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 300 618 адамға жетті, оның ішінде:
- Қала тұрғындары – 12 795 502;
- Ауыл тұрғындары – 7 505 116.
Айта кету керек, бір ай ішінде Қазақстан халқы 14 534 адамға көбейді.
Сондай-ақ елдегі әйелдер саны ерлерден 462 136 адамға көп екеніне назар аударған жөн:
- Әйелдер – 10 381 377;
- Ерлер – 9 919 241.
Халқы ең тығыз орналасқан аймақтар әлі де Алматы және Түркістан облысы болып қала береді: онда сәйкесінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады.
Өз кезегінде Астана қаласында 1 536 924 адам өмір сүреді. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкент халқы 1 258 878 адамға жеткен.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құраған болатын. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 20 286 084 адамға жетті.