Қазақстандағы ғалымдардың саны әлемдік көрсеткіштен екі есе кем – ғалым

Ұлттық ғылым академиясына сайланған академик Сураган Дурвудхан елімізде жас ғалымдардың санын көбету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің жастарына бұл жоғары мәртебе деп санаймын. Алдағы істейтін жұмыстары көп. Өздеріңіз жақсы білесіздер, ғылым саласында жоғарғы технологияларды игерген жас ғалымдарды даярлау қажет. Біз сол бағытта жұмыс істейміз. Әлемдік деңгейдегі көрсеткіштерді көрсету, әлемнің картасына Қазақстан ғылымының орнын нық қойып беру. ЮНЕСКО-ның мәлімдемесі бойынша Қазақстандағы ғалымдардың саны әлемдік көрсеткіштен екі есе кем. Әлемде 1 млн адамға 1300 ғалым бар. Ал Қазақстанда 1 млн адамға 650 ғалымнан келеді. Бүгінгі деңгейде сан мен сапа сәйкес келуі керек. Бұл мәселеге үлкен назар аударуымыз қажет, ­- деді Назарбаев Университетінің профессоры.

Жас ғалым жаңа бағдарлама жасалып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Біздің ең алғашқы мақсатымыз жас ғалымдарды даярлау. Бұл академияға сайланған кезде өзіміздің бағдарламамыз жасалды. Соның негізінде жұмыс істеп жатырмыз, істей береміз. Әрине кем дүниелерімзі бар. Кемшілікті мойындап соны түзетеміз. Өз-өзімізді қамшылап, жұмыс істей береміз. Бірақ ғалымдарды екі есе көбейтетін боламыз. Біз күшті өзімізге де шәкіртімізге де салатын боламыз. Бізде талантты жастарымыз көп,- деді Сураган Дурвудхан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық ғылым академиясының алқа құрамы таныстырылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы