Қазақстандағы ең танымал ақылы автожолдар белгілі болды: Алматы – Қонаев көш бастап тұр
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, елдегі ақылы автожолдар арасында сапар саны бойынша көшбасшы – Алматы - Қонаев бағыты. 2025 жылы бұл учаске арқылы 11,8 миллион сапар жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, елдегі ақылы автожолдар арасында сапар саны бойынша көшбасшы – Алматы – Қонаев бағыты. 2025 жылы бұл учаске арқылы 11,8 миллион сапар жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы автожолы тұр. Аталған бағытта 9,3 миллион рет қозғалыс тіркелген. Ал үздік үштікті Шымкент – Тараз тасжолы түйіндейді – бұл бағытпен 6,5 миллион сапар жүзеге асқан.
Жалпы, өткен жылы Қазақстандағы ақылы автожолдармен шамамен 74 миллион сапар жасалған.
Қазіргі уақытта елімізде жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде I техникалық санаттағы 12 учаске (2 231 км) және II-III техникалық санаттағы 14 учаске (2 652 км) бар.
Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, көлік қозғалысының құрылымы ірі агломерациялар мен негізгі транзиттік бағыттар маңында сұраныстың жоғары шоғырланғанын көрсетеді. Атап айтқанда, алғашқы бес учаске барлық сапарлардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар желісі кеңейеді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арман Қырықбаев Тэджондағы генерал Хон Бом До мемориалына барды 20:58
- 3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды 20:48
- Қазақстан-Корея серіктестігі жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады – сарапшылар пікірі 20:46
- FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады 20:30
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59
- Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды 19:41