Қазақстандағы ең қауіпті жолдар қандай?

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде еліміздегі ең қауіпті автомобиль жолдары учаскелерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, үш негізгі бағыт бар.

Негізгі қауіпті учаскелер – Қарағанды мен Алматы арасындағы жол, Талдықорған – Өскемен бағыты және Ақтөбе – Атырау – Астрахань трассасы. Сонымен қатар өңірлік деңгейде дайындалған толық тізім бар. Ол жақын уақытта "ҚазАвтоЖол" сайтында жарияланады, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол бұл мәселеге мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

Ақтөбе облысында да апатты-қауіпті жол учаскелері бар. Жалпы Қазақстан бойынша мұндай учаскелердің саны 50-ден асады. Барлық өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қажетті жол белгілерін орнатып, ІІМ, біздің қызметтер және ТЖМ тарапынан ерекше бақылау ұйымдастырылған, - деді Мақсат Қалиақпаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы