+8

Қазақстандағы ең ірі екі компания бірігетін болды

Мәжіліс инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасы бірыңғай инновациялық кластер құру және оған қатысушыларды қолдауды кеңейту арқылы инновациялық қызмет жағдайын жақсарту үшін әзірленген.

Заң жобасында “Инновациялық технологиялар паркі” (Tech Garden) кластерлік қоры мен “Астана Хаб” халықаралық технопаркін біріктіру көзделген. Бұл ретте олардың қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық база мен ортақ преференциялар жасалады.

Мысалы, бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірістік шығындарының 1 пайызын “Инновациялық технологиялар паркі” инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларына бағыттауға құқылы. Технопарктерді біріктіргеннен кейін “Астана Хаб” қатысушылары да жер қойнауын пайдаланушыларға өз шешімдерін ұсына алады және іріктеу нәтижелері бойынша олардан қаржы ала алады. Бұл ретте “Астана Хабтың” жеңілдетілген салық режимі мен жеделдету бағдарламалары “Инновациялық технологиялар паркі” инновациялық кластерінің басқа қатысушыларына да таралады.

Бүгінгі таңда 1,5 мыңнан астам IT-компания – “Астана Хаб” технопаркінің қатысушысы, олар Қазақстан бойынша 28 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 

Оның ішінде Playrix, Mytona, NetCracker және басқа да құны бір миллиард АҚШ долларынан асатын жетекші жаһандық технологиялық компаниялар, сондай-ақ табысты отандық стартаптар – Alaqan биометриялық төлем жүйесі (100 мың пайдаланушы), EdTech CodiPlay стартапы (бүкіл әлем бойынша 600 мектепті қамтиды), блокчейн блокчейнмен басқарылатын смарт тақталарды әзірлеуші Citix (Түркия мен Таяу Шығыс нарығына шықты) және басқалар. 2019-2024 жылдар аралығында технопарк қатысушылары бюджетке 5,5 млрд теңге салық төлеген.

Біз елдің технологиялық дамуына негіз жасаймыз. Astana Hub және TechGarden бірлестігі артық кедергілерді жояды және бірыңғай экожүйені қалыптастырады. Қолдаудың жаңа шаралары IT-сектордың дамун жеделдетеді. «Бірыңғай терезені» енгізу инновациялық жобаларды басқарудың тиімділігін арттырады. Бұл қадам Қазақстанға цифрлық технологияларда жетекші орынға ие болуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті депутат Айтуар Көшмамбетов.

Сонымен қатар депутат Айтуар Көшмамбетовтің айтуынша «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» цифрлық платформасын енгізу мемлекеттік қолдаудың ашық бөлінуін қамтамасыз етеді, бизнес-инкубаторлар, үдеткіштер мен гранттар туралы ақпаратты біріктіреді, сондай-ақ стартаптарға қаржыландыру мен серіктестерді тезірек табуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, осыған дейін жер қойнауын игерудің ашықтығы "бірыңғай терезе" арқылы қадағаланатыны туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы