Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады?

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ай сайынғы төлемнің максималды сомасын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қордың ақпаратына сәйкес, елдегі "ең бай зейнеткер" айына 993 040 теңге алады. Қаңтар айында ай сайынғы максималды төлем сомасы 945 752 теңге болғанын атап өтейік. 

Сонымен қатар, қордағы орташа айлық төлем сомасы 35 523 теңге (қаңтар айында 33 906 теңге) болды. 

2025 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты тіркелген.

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қордағы зейнетақы шоттарында 22,64 триллион теңге болды. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы