14 Шілде 2025 2025, 14:09
Фото: pixabay.com
Қазақстандағы алтын, мыс және көмір қанша жылға жетеді?
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегіне сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:
- Алтын — 30 жыл
- Мыс — 38 жыл
- Қорғасын — 156 жыл
- Темір кендері — 957 жыл
- Көмір — 350 жыл
Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.
Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.