Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды

Қазақстандағы тұңғыш жасанды интеллект институты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Институт Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің базасында ашылды.

Болашақ бағдарламашылар, киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул ұлттық ғылым және технология университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады, - делінген хабарламада.

Биыл институт төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 грант бөлді: "Информатика", "Ақпараттық жүйелер", "Киберқауіпсіздік", "Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу".

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы қуатты материалдық-техникалық база құруды көздейді. Заманауи зертханалар ашып, озық білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы