9 Тамыз 2025 2025, 20:20
Фото: BAQ.KZ
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беріледі
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы (АЭС) ресми атауға ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы (АЭС) ресми атауға ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігі мәлімдеді.
Алғашқы қазақстандық АЭС-ке атау беру мәселесі қарастырылып жатыр. Біз осы бағытта жұмыс жүргізудеміз. Егер тиісті ұсыныстар түссе, қарастыруға дайынбыз, - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, 8 тамызда Алматы облысында еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталған еді.
Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесу өткізді.