Қазақстандағы АЭС құрылысы: Қандай талаптар бекітілуі керек?
АЭС жобалау, салу және пайдалану талаптарын ұлттық стандарттар мен нормативтік құжаттарға енгізу жұмысы Атом энергиясы агенттігімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салуға қажетті ұлттық стандарттарды бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс Атом энергиясы агенттігімен бірлесіп атқарылып жатыр.
АЭС жобалау, құрылыс және пайдалану кезіндегі негізгі талаптар ұлттық стандарттарда, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық құжаттарда бекітілуі керек. Бұл ретте халықаралық тәжірибе ескеріледі, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
Қазіргі уақытта жоспарланып отырған атом электр станциясының құрылысына қажетті ұлттық стандарттарды бейімдеу жұмыстары жалғасып жатыр.