Қазақстанда жүргізушісіз такси қашан іске қосылатыны айтылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшқышсыз технологияларды дамыту бағытындағы жоспарлар жайлы айтты.
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшқышсыз технологияларды дамыту бағытындағы жоспарлар жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен ұшқышсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жоба іске қосылмақ.
Ұшқышсыз технологияларды дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен ұшқышсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны, – дейді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар ол жеке бастама аясында дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бұдан бөлек, жеке бастама аясында дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Аталған бастамалар қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа модельдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді, – дейді министр.
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42
- Әлеуметтік желіге қатаң тыйым: Ұлыбритания жаңа заң қабылдамақ 08:32
- ӘЧ – 2026: Тағы үш матч тең аяқталды 08:11
- БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі әйел көз жұмды 07:48