22 Қыркүйек 2026, 17:05 Фото: ©️ BAQ.KZ

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа тәртіпке сәйкес, осы уақыт аралығында Мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек тәжірибесін, білімін және кәсіби дағдыларын жан-жақты зерделеп, оған лайық бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланыс орнатылады.

Егер азаматқа сәйкес келетін жұмыс орны 13 күн аяқталғанға дейін табылса, белгіленген мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ.

Вакансия таңдаудан бөлек, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға кәсіби оқыту, субсидияланатын жұмыс орындары және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелудің алғашқы қадамы – Мансап орталығына жүгіну немесе eGov порталы мен Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы өтініш беру.