Қазақстанда жуғыш заттар өндірісі артты

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда жуғыш заттарды өндіру 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарыда аталған тауардың барлығы 18,3 мың тоннасы өндірілді.

Сондай-ақ, жуғыш заттардың импорты 32,1%-ға өсті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында 162,6 мың тонна өнім импортталды (123,1 мың тонна – 2022 жылғы қаңт.- қар.). Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы 89,9%.

Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты 26,2%-ға өсті. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 19 мың тонна жуғыш зат экспортталған.

Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 161,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 32,1 пайызға артық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы