Бүгiн 2026, 11:52
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Қазақстанда жолаушылар вагондары паркінің 90%-ы жаңартылады
Локомотивтердің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарды.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында 2030 жылға қарай Қазақстандағы жолаушылар вагондары паркінің 90%-ы жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылды. 2030 жылға қарай вагондар паркінің жаңару деңгейін 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр, – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, жалпы локомотивтердің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарған.
Жүк вагондары паркі шамамен 147 мың бірлікті құрайды. Оның басым бөлігі жекеменшік операторларға тиесілі.